ҚХП депутаты Ұлытау облыстық мәслихатының құрамына кірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 8 маусымда әкімшілік орталығы Жезқазған қаласы болып табылатын Ұлытау облысы құрылды. Осыған орай Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек Қарағанды облыстық мәслихатын Қарағанды және Ұлытау деп бөліп, олардың депутаттарының құрамын анықтау арқылы қайта ұйымдастыру мәселелеріне арналған Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын өткізді.

2.jpeg

Ұлытау облысының жаңа мәслихатының құрамына Қазақстан Халық партиясынан депутат Н.Алпысбаева кірді. Облыстың 3 қаласы мен 2 ауданының әкімдері қатысқан мәслихаттың бірінші сессиясы барысында мәслихаттың хатшысы сайланды және тұрақты комиссияның құрамы бекітілді.

ҚХП баспасөз қызметі


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy