Елдегі туризм саласында мәселе көп

dep.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында салмақты ойлар айтылды. Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнованың айтуынша, елімізді инвесторлар мен туристер үшін тартымды ету үшін біршама ауқымды жұмыс істеу керек.

Өңірлерге сапарының қорытындысы бойынша мәжілісмен республикамыздағы әлеуетті инвесторлардың алдында күрделі міндеттер тұрғанын атап өтті. Бұл жөнінде қазір парламенттік фракция Ішкі істер министрлігіне үндеу жазып жатыр.

– Жергілікті көші-қон қызметі қаржысы көп, жақсы мүмкіндіктері бар, әлеуетті инвесторларға жұмысқа кірісу былай тұрсын, инвестициялық виза да ала алмайтындай етіп кедергілер туындатады! – дейді Смирнова.

Әлеуетті инвестор заңгерлік қызметі үшін 1000 доллар алатын фирмамен байланысып, төлқұжатын тапсырады ... соңында мәселесі шешілмей сол күйі қалады.

– Оларға төлқұжатын тапсырғаны және әлеуетті инвестор мәртебесін күтіп жүргенін растайтын ешқандай құжат берілмейді. Олар тіпті оң немесе теріс жауапты күтуге қанша уақыт кететінін де білмейді!, - деп нақтылады депутат.

Соның салдарынан Қазақстан экономикасына инвестиция құйғысы келген шетелдіктер қолында төлқұжаты болмаған соң сыртқа шығуға да қорқады.

«Осы сәтте оған «көмекші» келіп, мәселенің шешілуін тездету үшін немесе тікелей рұқсат алып беретінін айтып, қызмет ұсынады. Оны кіммен және қалай шешетіні белгісіз. Барлық келісім тек «джентльмендік» негізде жүргізіліп, өтемі қолма-қол ақшамен төленеді», - деді Смирнова.

Депутат бір инвестор әйелдің құжатсыз көшеге шығуға қорқып, қазақстандық қонақүйде 1,5 ай қамалып отырғанын мысалға келтірді. Ол визаны әбігерге түсіп жүріп алған. Қазақстанда станок жасау зауытын салып, ел экономикасына 3 миллиард доллар инвестиция салғысы келген тағы бір инвестор мұндай жағдайға тап болғанда визаны күтіп уақыт жоғалтқысы келмеді. Ол жай ғана құжаттарын алып, инвесторға қолайлы жағдай жасалған көршіліс елге кетіп қалды.

– Мұндай оқиғаларға тап болған адамдар көп! Олар біздің елде қалуы үшін біз өз көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Біз инвестицияның қаншалықты қажет екенін түсінуіміз керек. Бұл Президенттің сөзі ретінде ғана емес, міндетті қызмет бағыты ретінде қабылдануы тиіс!, - деді Смирнова.

Қазақстандағы туристерге де оңай емес. Бұл ретте Ирина Смирнова Ауқаттыдағы шекара бекетін мысалға келтірді. Лмелер лас, кондиционері жоқ (жазда) және қалыпты жылытумен де қамтылмаған (қысқы уақытта), дәретханалар туристер үшін үнемі жабық тұрады, есіктердің тұтқасы жоқ, қызметкерлер өз қызметіне немқұрайлы, офицерлердің тәкаппарлығы және т.б. мәселелер жетерлік. Ал Қырғызстанның территориясына өткенде мүлде басқа жағдайға куә боласың. Тазалық, тәртіп, мұқият қызмет көрсетуден бастап барынша жағдай жасалған. Еліміздегі басқа шекара пункттеріндегі жағдай да осыған ұқсас. Мұндай әрекетімізге қарап экстремалды туристердің өзі біздің елге келуге құлшынбайтыны анық.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy