Қазақстандағы АЭС құрылысы: үміт пен күдік

dep.jpg

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша Жария талқылаулар аяқталды. Соңғы талқылау күні кеше Астана қаласында өтті.

Бүгінде қазақстандықтардың "бейбіт атомға" деген көзқарасы екіұшты. АЭС құрылысын жақтаушылар оны міндетті түрде салу керегін айтады. Қазіргі таңда елдің энергетикалық құрылымы әбдер тозған. Соның салдарынан оңтүстік өңірлерді энергияның қажетті мөлшерімен қамтамасыз ете алмай отыр. Қазақстанда негізінен ең көбі көмір станциялары, алайда атмосфераны ластануына бірден бір себепші саналады. Ал бүгінде заманауи реакторлар қауіпсіз болып келеді. Оның үстіне ядролық отынды біз өзіміз өндіреміз, өйткені елде уран қоры мен оны қайта өңдеу кәсіпорындары бар. Сонымен қатар, АЭС құрылысы Өңірлерді дамуына экономикалық тұрғыдан оң әсер етеді: жоғары технологиялар, жаңа өндірістер, жаңа жұмыс орындары және т.б. Бізде бұл үшін тіпті кадрлар да бар.

– Бізде тиімді мүмкіндік өте көп. Қазір 600-ге жуық қазақстандық маман Түркиядағы АЭС құрылысында жұмыс істеп жатыр. Оған қоса біздің монтажшылар бригадасы Ресейде БН-800 ядролық реакторының құрылысында жұмыс істеді, – дейді "Қазақстандық атом электр станциялары" компаниясының бас директоры Тимур Жантикин.

Ал АЭС құрылысына қарсы азаматтар өз көзқарасын әртүрлі тәсілмен дәлелдейді. Біреулер АЭС өзін-өзі ақтамайды десе, олардың тағы бір тобы жоба Астанадағы LRT бағандары сияқты "сыбайлас жемқорлықтың ескерткіші" болады деп күдіктенеді. Тағы біреулері қазақстандық станция Чернобыль және Фукусима АЭС-нің тағдырын кеше ме деп қорқады. Ал шындығына келсек, болашақтың көзі – "жасыл энергетика".

– Атом электр станциясы – бұл өткен нәрсе. 2017 жылы біз EXPO көрмесін өткіздік. Жел мен күн энергиясының мүмкіндіктері жайлы айту үшін миллиардтаған қаражат жұмсалды. Соның бәрі не үшін жасалды?, – дейді қоғам қайраткері Ернар Рахымжанов.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Әзірбайжанның "News.az" ақпараттық порталына АЭС құрылысы жөнінде шағын сұхбат берген болатын.

– Қазақстанда АЭС салу – күрделі және көп қырлы мәселе. Бір жағынан, бұл энергетикалық және экологиялық проблемаларды шешу үшін өмірлік маңызды жоба. Екінші жағынан, маңызды қаржылық, технологиялық және экологиялық тәуекелдер жан-жақты әрі мұқият талдауды қажет етеді. Қазақстандықтар бүкіл әлем бойынша елуден астам атом энергоблоктары салынып жатқанын ескеруі керек. Егер бұл шынымен тиімсіз ірі қауіпті болса, оларды ешкім салмас еді, – деп атап өтті Партия басшысы.

Ал АЭС салу бойынша түпкілікті шешім күзде жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy