Өнімді бөлу жөніндегі келісімнің құпиясы

dep.jpg

Шетелдіктер қазақстандық мұнайды қандай жағдайда айдайды? Мәжіліс депутаттары шетелдік инвесторлармен өнімді бөлу жөніндегі келісімді (ӨБЖ) ашуды талап етіп отыр. Бұл ұсыныс Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен өткен мұнай саласын дамытудың келешегі талқыланған Үкімет сағатында бірнеше рет айтылды.

Шара барысында министр депутаттарға Қазақстандағы мұнай өнімдері нарығының тапшы екенін және модернизацияны қажет ететінін астарлап жеткізді. Сәйкесінше, бұл қыруар қаржыны талап етеді деген сөз. Сатқалиев мұнай өнімдерінің бағасына сондай-ақ құрал-жабдық сатып алуға, техникалық қызмет көрсетуге, пайдалану шығындарына, логистикаға, жаңа құбыр мен теміржол инфрақұрылымын салуға және т.б. үшін тартылған несиелер де бар екенін түсіндірді. Әрине, көп нәрсе ішкі нарықтағы мұнай бағасына байланысты.

«Біздің ішкі нарықтағы мұнай бағасы көршілес елдермен салыстырғанда ең төмені. Ал мұнай өнімдерінің бағасы ең арзаны деп айтуға болады. Бүгінде бағаны тежеп отырған бірден-бір фактор – Қазақстан Үкіметінің әкімшілік саясаты», - деді министр.

Өз тарапынан мәжілісмендер наразылық білдіріп, министрге 90-шы жылдары Қазақстан жасасқан ӨБЖ туралы еске салды, бұл кезде инвестициялау мәселелері отандық заңнамада әлі жазылмаған болатын. Аталған келісімнің шарттары әлі күнге дейін құпия түрде қалып отыр. Оған қоса, аса нақты емес талдаулардың өзі Қазақстан өз аумағында өндірілген мұнайдың аз ғана бөлігін алатынын көрсетеді.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясы Конституцияға Қазақстанның жер қойнауы мен басқа да байлығы халыққа тиесілі деген түзетулерді енгізуге бастамашы болған еді. Алайда, тәжірибе бұл норманың орындалмайтынын көрсетіп отыр.

«Шындығында, біздің жер қойнауымызда халыққа тиесілі ештеңе жоқ. Барлығы не шетелдік компаниялардікі, не біздің олигархтардікі, ал халық ресурстарды жоғары бағамен сатып алуы керек», - деп қынжылады депутат Ирина Смирнова.

Депутаттың пікірінше, бұл дилемманы тек күшті саяси ерік-жігер ғана шеше алады. Барлық қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді. Ендігі мәселе қолда бар заңдарды тиісінше қолдану.

«Шешім қабылдау керек. Шикізаттық ескі Қазақстандағыдай ескі әдіспен жұмыс істеуді тоқтатуымыз керек. Біз Жаңа Қазақстандамыз. Алайда, оның нәтижесін әлі көре алмай отырмыз!», - деді депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy