Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалының активі Конституцияға енгізілетін түзетулер мен алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысты түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр.
Партия өкілдері ХҚКО-да, «Қазпошта» бөлімшесінде, №22 орта мектепте саяси реформа жөнінде пікір білдірді. Сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, көпшілікті референдумға қатысуға шақырды.
– Ел азаматтарының саяси белсенділігінің артып келе жатқаны қуантады. Халық өзгерісті қалап отыр. Адамдар жаңа әрі әділетті Қазақстанда өмір сүргісі келеді. Қоғамдық сана жаңғырып жатыр, – деді ҚХП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ж.Бастаубаева. ҚХП баспасөз қызметі