Толқынды толқын ұрады...

dep.jpg

Қазақстанды тасқын су басып жатыр. Су тасқынына қарсы күрес ең жоғары деңгейде талқыланып, ең маңызды мәселеге айналған. Синоптиктердің айтуынша, су тасқынының шарықтау шегі әлі алда. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өткен болатын.

– Ағымдағы жылғы су тасқыны соңғы 30 жыл ішінде неғұрлым ірі деп саналған 2012 және 2017 жылдардағы су тасқынының ауқымынан да асып түсті, - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. - Жағдай кез келген сәтте күрт нашарлауы мүмкін. Қазір басты міндет - адам өліміне жол бермеу.

Президент болжау және алдын алу жұмыстарын өз деңгейінде жүргізе алмаған бірқатар ведомстволарды сынға алды, сондай-ақ министрлерге жаппай апатқа қарсы күреске бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің басшылығымен егжей-тегжейлі талқыланды.

– Су тасқыны кезінде барлығы 15,7 мың адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлады ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов. - Қаза тапқандар жоқ. Су тасқыны белсенді кезеңге кірмеген елді мекендерде су басуға жол бермеу бойынша алдын алу іс-шаралары күшейтілді.

Олжас Бектенов халықты әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарландыруларына барынша мән беруге шақырды.

– Көшіру қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті Премьер-Министр. - Құтқарушыларға көмек көрсетуді, олардың жұмысын қиындатпауды, сонымен қоса, қарсылық көрсетпеуді сұраймын.

Сонымен қатар, Бектенов су тасқыны жағдайының себептерін анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан Халық партиясының өкілдері де апатқа қарсы күреске өз үлестерін қосты. ҚХП мамандары мен сарапшылары ТЖ алғашқы күндерінде су басу аймағына барып, жағдайға талдау жасады. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қаражат жинау ұйымдастырылды (партия күшімен 3 млн. теңгеден астам қаражат аударылды), сондай-ақ халыққа ең бірінші кезекте қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек және ең қажетті заттарды жинайтын гуманитарлық көмек ұйымдастыру пункттері құрылды. Сонымен қатар, партияның өңірлік филиалдары су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге белсенді атсалысып, құтқарушыларға қосымша техника беріп, оларға ыстық тамақ және т.б. ұйымдастырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy