Қазақстан Халық партиясының Мемлекеттік алимент қорын құру туралы бастамасын ел азаматтары қызу қолдап жатыр. Қазақстандықтар жауапсыз ата-аналардан қарыздарын өндіріп алу туралы ұсыныспен ҚХП парламенттік фракциясына жүгінуде.
ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, Алимент қорын құру идеясы ел азаматтарының нақты қолдауына ие болды. Сонымен қатар әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірі алимент төлемей жүрген борышкерлердің автокөлігін сақтандыруға тыйым салуды ұсынды.
«...Сізге некеде тұрған кезде алған автокөлікке электронды түрде тыйым салу тетігін енгізуге, сондай-ақ алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің автокөлігін сақтандыруға шектеу қоюға ұйытқы болу бастамасын көтеруді ұсынамын», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы. – Борышкерлердің 99%-ы өздерінің жылжымалы мүлкін басқа адамдарға рәсімдейді және көлікті басқарып жүре береді...»
Магеррам Магеррамов бұл ұсынысты фракция қарастыруға дайын екенін атап өтті.
– Жалпы, біз алимент өндіріп алу мәселесін шешуге бағытталған барлық ұсынысты қарастырып, заңнамалық деңгейде ұсынуға дайынбыз, – деп атап өтті мәжілісмен. – Себебі бұл біздің балаларымызға қатысты мәселе.
@halyk_partiyasy