Жастар үні

dep.jpg

Фото: видеодан кадр

«Дара» қорымен әріптестік аясында Қазақстан Халық партиясының депутаты, ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан көру қабілеті бұзылған адамдарға шығармашылықты қолжетімді ететін «САТР» орталығының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мәжілісмен әрі омбудсменге Брайль қарпімен басылған «Жастар үні» атты өлеңдер жинағы табысталды.

– Бұл – шығармашылықты инклюзия мен тең қатысу кеңістігіне айналдыратын өте маңызды әрі символдық жоба, – деді Кенжеғұл Сейтжан. – Біз мәдениеттің, білімнің және ақпараттың мүмкіндігі шектеулі жандарға, соның ішінде көру қабілеті бұзылған балалар мен жастарға қолжетімді болуын қамтамасыз ететін бастамаларды талқыладық.

Депутаттың пікірінше, мұндай бастамалар тек қолжетімділікті арттырып қана қоймай, қоғамның инклюзияға деген көзқарасын өзгертуге де ықпал етеді.

– Инклюзияға қатысты жобалардың сөз жүзінде емес, нақты іс арқылы жүзеге асып жатқанына куә болғаныма қуаныштымын, – деп түйіндеді К. Сейтжан. – Кейде осындай бір ғана кітаптың өзі қоғам туралы ұзақ тұжырымдамалардан артық ой салады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy