Ораза айт мерекесімен құттықтау

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – құлшылық пен сабырдың, береке мен бірліктің, мейірім мен қайырымдылық айы болса, Ораза айт – адамдардың жанын жадырататын ұлық мереке.

Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!

Қазақстан халқы ынтымақ пен ырысқа кенелсін. Отбасыларыңызға амандық, істеріңізге береке берсін!

Қадір түні тілеген тілектеріңіз орындалып, айттан айтқа аман-есен жетейік.

Мемлекетіміз мықты, экономикамыз тұрақты болсын!

Ораза айт құтты болсын!

Қазақстан Халық партиясының төрағасы

Е.Ертісбаев


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy