Бұл бөлімде Қазақстан Халық партиясының Парламенттік фракциясы жолдаған депутаттық сауалдармен танысуға болады.
10.05.2023 15:40
Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды мемлекеттік қолдау тетігін жақсарту туралы
Мүгедектігі бар балалар мен ересектер үнемі Үкіметтің ерекше қамқорлығы мен қорғауында болуы тиіс. Өкініштісі іс жүзінде бұлай емес. Арнайы әлеуметтік қызмет алу үшін адамдар күрделі бюрократиялық тосқауылға тап болып, сергелдеңге салынады. Жылына бір рет оңалтудан өту орындалмайтын арманға айналды. Мүгедектігі бар балаларды оңалтқысы келетін отбасылар мүмкіндікті жылдар бойы күтеді.
Науқастарды балама емес, түпнұсқа препараттармен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Халық партиясына азаматтардан мемлекет кепілдік берген дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша өтініш түсіп жатыр. Бұған
олардың өмірлік маңызы зор дәрі-дәрмекті алу мүмкіндігіне қол жеткізе алмайтындығы себеп болуда.
Көпбалалы отбасылардың заңнамада бекітілген мәртебесі туралы
Қазақстан Халық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында екі маңызды мәселені көтерді: 1. 4 және одан да көп баланы дүниеге әкелген/асырап алған көпбалалы ананың өмір бойғы мәртебесін бекіту; 2. Осы санаттағы аналар үшін зейнет жасының төмендетілуі.
ЖТС төлеу кезінде мүгедек балалардың ата-аналарының құқықтарының бұзылуы туралы
Қазақстан Халық партиясының атына мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен осы санаттағы адамдарды жеке табыс салығынан (бұдан әрі - ЖТС) босатуды және заңнамада көзделген, бұрын берілген жеңілдіктердің орындалуын қамтамасыз етуге жәрдем көрсету туралы өтініштер келіп түседі.
Студенттерге арналған жатақханалардағы орын тапшылығы туралы
Біздің депутаттық сауалымызға еліміздің мегаполистерінен бастап облыстық маңызы бар қалаларында аса өзекті болып тұрған студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі негіз болды.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардың мәселесі туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ (әрі қарай - кітапхана) барлық оқырмандарынан (3000-ға жуық оқырман) осы кітапханаға қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты Халық партиясы фракциясының Депутаттық сауалымызды жолдаймыз. Бұл жағдай шұғыл шешімді қажет етеді.
Медициналық мамандықтар бойынша оқуға арналған гранттардың санын ұлғайту туралы
Осы депутаттық сауал арқылы Үкіметтің назарын медицина кадрларын даярлау ісіне аударамыз. Бүгінгі таңда медицина кадрларының біліктілік деңгейі медициналық білімнің сапасына тікелей байланысты.
Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы
Ел Конституциясының 27- бабында: балалық шақ мемлекеттің қорғауында екені айтылған. Осылайша, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттің қамқорлығында болады.
Тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар құрылысының қауіпсіздігі туралы
Қазақстан Халық партиясына азаматтар түрлі әлеуметтік, экономикалық, оның ішінде халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мәселелер бойынша жиі жүгінеді.
Қазақстан Халық партиясына бұрынғы жұбайларынан ортақ балаларының пайдасына алимент өндіре алмай жүрген әйелдер шағымданады. Алимент төлеуден жалтаратындар түрлі амалдарға жүгінеді – жасырынады, жұмысын өзгертеді, нақты кірістерін төмендетеді, тұрғылықты жерін өзгертеді.