27.09.2023 16:30
Еліміздегі көпбалалы аналардың мәртебесін анықтау туралы
«Отан отбасынан басталады», «Мықты отбасы - мықты мемлекет», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөздер бекер айтылмаған. Ел ертеңін бүгінгі жас ұрпақ, жас отбасылар қалыптастырады. Сондықтан біз отбасы беделін, Ана мәртебесін көтеруіміз керек. Отбасын нығайтып, ғасырлық салт-дәстүрді сақтау, балаларымызды өз Отанын сүйетін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, лайықты және әдепті адам етіп тәрбиелеу– мемлекеттігіміздің дамуының кепілі. Мен өзім Ана ретінде айтатын бір ұсынысым бар. Бұрын Аналар ең сыйлы, қадірлі дәрежеде болған. Ана десе бәрі тік тұрған. Сол дәрежені қазіргі уақытта қайта оралту керек. Көпбалалы болу қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі ғой. Үлкен отбасында балалар тату, ұйымшыл, көпшіл болып өседі, ерте еңбек бағасын түсінеді. Кез келген мемлекеттің дамығандығы, оның аналар мен балаларға жасаған қамқорлығынан көрінеді.
ТОЛЫҒЫРАҚ
20.09.2023 18:30
Аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешімдер қабылдауға тікелей қатысуын дәйекті түрде кеңейту маңызды», - деп атап өтті.
ТОЛЫҒЫРАҚ
20.09.2023 16:30
Квазимемлекеттік сектордағы акционерлік қоғамдардың корпоративтік құрылымын өзгерту туралы
Жаңа экономикалық қайта құруды бастау кезінде ең алдымен квазимемлекеттік секторларды басқаруды реформалау және қаражатты бөлудің ашық тетіктерін орнату маңызды.
ТОЛЫҒЫРАҚ
20.09.2023 16:28
Электрондық қалдықтарды кәдеге жарату жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туралы
Қазақстанда электр және электронды қалдықтардың тең 9% қайта өңделеді. 2019 жылғы көрсеткішке сай елде жылына 136,1 мың тонна осындай қалдықтар жиналады. Жан басына шаққанда әр адам 7,3 кг осындай қоқыстарды лақтырып тастайды деген сөз. Мұндай деректі БҰҰ ЮНИТАР оқу және ғылыми-зерттеу институты көрсетіп отыр.
ТОЛЫҒЫРАҚ
13.09.2023 17:00
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектепке дейінгі білім беру туралы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың да өзге балалар секілді болашаққа деген амбициялары мен армандары бар. Олар да өз қабілеттерін дамытып, мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру үшін сапалы білім алуы қажет.
ТОЛЫҒЫРАҚ
13.09.2023 15:32
Халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар бөлу мәселесі туралы
Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі – ХӘОТ): көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бизнесті дамыту үшін өтеусіз гранттар беру бағдарламасы қолжетімсіз немесе шектеулі. Қазақстан Халық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында отбасылық бизнесті құру үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарына бағдарламаның қолжетімділігіне ықпал ететін өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл олардың қаржылық жағдайы мен өмір сүру жағдайларын жақсартудың бір әдісі ретінде ұсынылды.
ТОЛЫҒЫРАҚ
06.09.2023 11:00
Қазақстан Республикасында нарықтық баға белгілеудің өзекті мәселелері туралы
Біз нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Біз дамудың қазіргі экономикалық моделін тиімді немесе тиімсіз, жақсы немесе жаман деп санауымыз мүмкін, бірақ оның нарықтық екені күмән тудырмауы керек. Мәселе мынада: біздің нарықтық экономика еркін нарық заңы бойынша өмір сүріп жатыр ма? Баға белгілеу жүзеге әділ жолмен бе, әлде алыпсатарлықпен жүзеге асырыла ма? Бағаның қалыптасуына шын мәнінде не әсер етеді, бағаның өсуі үнемі нарықтық факторларға байланысты бола ма?
ТОЛЫҒЫРАҚ
27.06.2023 16:15
ҚР ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту туралы
Қазақстан Халық партиясы Үкіметтің назарын коммуникативтік дағдыларды дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға мүмкіндік беретін студенттік өзін-өзі басқарудың жүйелі дамуының жоқтығына аударады.
ТОЛЫҒЫРАҚ
27.06.2023 15:55
ҚТҚ шығару, қайта өңдеу және кәдеге жарату мәселелері туралы
Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, әлемде орташа есеппен тәулігіне 0,74 кг ҚТҚ түзіледі (0,11-ден 4,54 кг-ға дейін). Қазақстан қалдықтардың әлемдік түзілуінің орташа деңгейін ұстанады. Мәселен, 2021 жылы еліміздің әрбір тұрғынына орташа есеппен тәулігіне 670 грамм ҚТҚ келді. 2013 жылы қалдықтардың жылдық түзілу көлемі 5 млн тоннадан асқан кезде Қазақстанда қайталама шикізат айналымында экономикалық қызығушылық туады деп айтуға болады.
ТОЛЫҒЫРАҚ
21.06.2023 17:00
Мектептер мен ЖОО-ғы білім беру мәселелері туралы
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады», - деді. Сапалы білім – ел дамуының діңгегі. Қоғамның даму көрсеткішіне байланысты білім саласының негізгі үш мәселесіне тоқталғым келіп отыр.
ТОЛЫҒЫРАҚ