Бұл бөлімде Қазақстан Халық партиясының Парламенттік фракциясы жолдаған депутаттық сауалдармен танысуға болады.
17.01.2024 12:50
Жолаушылар әуе тасымалы саласындағы мүгедектiгi бар адамдарды кемсiту туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында біздің мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Ал 14-бапта – «ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген. Өкінішке қарай, біздің бүгінгі қоғамымызда мұндай кемсітушіліктің бар екенін, тіпті әуе тасымалы қызметтерін көрсету саласында өркендеп жатқанын ашына айтар едім. Қажетті жол жүру құжаттарын толық төлеген мүгедектігі бар адамдар қазақстандық авиакомпаниялардан ақысы төленген қызметтерді толық көлемде ала алмайды.
Қазақстанның солтүстік өңірлерін дамыту проблемалары туралы
2024 жылдың 3-12 қаңтарында Қазақстан Халық партиясының депутаттық фракциясы халықпен кездесу үшін Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу мәселесі туралы
Әрбір жеке адамның өмірінде де, қоғам, жалпы мемлекет өмірінде де мәдениет пен өнердің маңызы айрықша. Өкінішке қарай, біз қоғамдағы мәдениетті де білімді, тәрбиелі де тәлімді адам қалыптастырудағы мәдениет пен өнер қызметкерлерінің қосатын үлесін әлі күнге бағалай алмай келеміз.
Қазақстандағы білім беру және сауат ашу мәселелері туралы
Жалпы білім беру сапасының мониторингін жүргізетін PISA халықаралық зерттеуі, «15 жастағы оқушылардың қазіргі қоғамда толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті білімі мен іскерлігі жете ме, яғни адами қызметтің, қарым-қатынастың, әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларындағы міндеттердің кең ауқымын шешу» деген сұраққа жауап береді. Бағдарлама әр түрлі елдердің білім беру жүйелерінде болып жатқан өзгерістерді анықтауға және салыстыруға, білім беру саласындағы стратегиялық шешімдердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің реформаланған жаңа моделі туралы
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің (бұдан әрі - МЖӘ) жаңа моделіне көшуді тапсырды. "Бүгінде көптеген МЖӘ ниеті теріс кәсіпкерлер мен шенеуніктер үшін «май шелпекке» айналды. Бұл саладағы келісімшарттар ашық және конкурстық негізде жасалуы тиіс. Аталған тетіктің тиімділігін арттыру үшін тиісті заң қабылдау қажет. " - деп атап өтті Президент.
Қостанай қаласындағы теміржол ауруханасы жанындағы балаларды оңалту орталығын сақтау туралы
Қазақстан Халық партиясының фракциясына мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан шағым түсті.
Қостанай қаласындағы ерекше балаларға арналған екі оңалту орталығының ішінен бірінші қаңтарда теміржол ауруханасы жанындағы оңалту орталығы жабылады.
Мүгедектердің құқықтарын қорғау, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
ҚР Конституциясының 14-бабына сәйкес «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды». Өкінішке қарай, еліміздің басты заңының бұл нормасы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі - МБА) қатысты болғанда жұмыс істемейді. Сонымен қатар, негізгі міндеттерінің бірі осы санаттағы азаматтарға көмек көрсету және қолдау жасау болып табылатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің өзі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзады.
Қазақстанның тарихи мұрасын сақтау мәселелері туралы
Отанымыз Қазақстанның тереңнен тамыр тартқан тарихи ескерткіштер - петроглифтердің нағыз ордасына айналуы шаттық сезіміне бөлейді! Алғашқы жазулар палеолит дәуірінде пайда болған болса, қола дәуірінен бастап Қаратау, Ұлытау, Шу-Іле тауларында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай таулары мен басқа да киелі жерлерде ата-бабаларымыз өздері сыйынған тәңірлері мен күнделікті өмірдегі тіршілігіне, наным-сенімдеріне арналған тұтас суреттерді жартастарға қашап жазып, ұрпаққа мәңгілік мұра етті.