Бұл бөлімде Қазақстан Халық партиясының Парламенттік фракциясы жолдаған депутаттық сауалдармен танысуға болады.
16.10.2023 14:00
Жергілікті басқару институттарын өзгерту туралы
емлекет басшының жолдауынан кейін өңірге барған адам не көруі тиіс? Жолдаудан кейін саяси сала, жергілікті басқару институты түбегейлі өзгеруі керек еді. Барлығы ел мүддесі үшін жұмыс істеп, экономикалық өсім көрсететін уақыты жеткен еді. Осы орайда мемлекеттік орган бизнес пен азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс істейді деп күттік. Ең болмағанда, шенеуніктер өз аймағындағы жағдаймен таныс болуы керек еді. Өкінішке қарай, мұндай өзгерістер жоқ. Бәрі қаз қалпында. Әкімдіктер, басқа мемлекеттік органдар өздерінің әлемінде, ал халық болса өз жыртығын өзі жамап жүр.
Народная партия Казахстана обращает внимание Правительства на рост статистики онкологических заболеваний, а также просит предусмотреть льготы по досрочному выходу на пенсию по вредности для рентгенологов и анестезиологов отделения радиологии, так как врачи-онкологии не доживают до пенсии.
Мемлекет басшының жолдауынан кейін өңірге барған адам не көруі тиіс? Жолдаудан кейін саяси сала, жергілікті басқару институты түбегейлі өзгеруі керек еді. Барлығы ел мүддесі үшін жұмыс істеп, экономикалық өсім көрсететін уақыты жеткен еді. Осы орайда мемлекеттік орган бизнес пен азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс істейді деп күттік. Ең болмағанда, шенеуніктер өз аймағындағы жағдаймен таныс болуы керек еді. Өкінішке қарай , мұндай өзгерістер жоқ. Бәрі қаз қалпында. Әкімдіктер, басқа мемлекеттік органдар өздерінің әлемінде, ал халық болса өз жыртығын өзі жамап жүр.
Татуластыру рәсімдері, келісу комиссиялары және медиация арқылы халықтың сот төрелігіне қол жеткізуін шектеу мәселесі бойынша
Әркімнің сот төрелігіне қол жеткізуі негізгі құқық - ең маңыздысы халықаралық стандарттардың бірі. Біз озық әлемдік тәжірибелер мен халықаралық стандарттарға жиі жүгінеміз, алайда мұны түбегейлі реформаларға келгенде әрдайым қолдана бермейміз.
Сот төрелігіне еркін қол жеткізу, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында, азаматтық және саяси құқықтар, сондай-ақ басқа да халықаралық-құқықтық құжаттар туралы халықаралық пактінің 14-бабында бекітілген.
ШОБ үшін оңайлатылған декларация режимін қолдануды шектеу мәселелері туралы
Арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілерінде (Қазақстан Республикасының резиденттері – жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар) белгілі бір қызмет түрлерін қолдануды шектеу, сондай-ақ салық органдары тарапынан салық кодексінің нормаларын түсіндірудегі таңқаларлық икемділік, салық төлеушіні оңайлатылған декларациялау режимінен жалпыға бірдей белгіленген режимге ауыстыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл шағын бизнеске түсетін ауыртпалық және оларды іс жүзінде жойып жіберетін қосымша ондаған миллион теңге төлемдер, тіпті одан көп болмаса.
Еліміздегі көпбалалы аналардың мәртебесін анықтау туралы
«Отан отбасынан басталады», «Мықты отбасы - мықты мемлекет», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөздер бекер айтылмаған. Ел ертеңін бүгінгі жас ұрпақ, жас отбасылар қалыптастырады. Сондықтан біз отбасы беделін, Ана мәртебесін көтеруіміз керек. Отбасын нығайтып, ғасырлық салт-дәстүрді сақтау, балаларымызды өз Отанын сүйетін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, лайықты және әдепті адам етіп тәрбиелеу– мемлекеттігіміздің дамуының кепілі.
Мен өзім Ана ретінде айтатын бір ұсынысым бар. Бұрын Аналар ең сыйлы, қадірлі дәрежеде болған. Ана десе бәрі тік тұрған. Сол дәрежені қазіргі уақытта қайта оралту керек. Көпбалалы болу қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі ғой. Үлкен отбасында балалар тату, ұйымшыл, көпшіл болып өседі, ерте еңбек бағасын түсінеді. Кез келген мемлекеттің дамығандығы, оның аналар мен балаларға жасаған қамқорлығынан көрінеді.
Аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешімдер қабылдауға тікелей қатысуын дәйекті түрде кеңейту маңызды», - деп атап өтті.
Квазимемлекеттік сектордағы акционерлік қоғамдардың корпоративтік құрылымын өзгерту туралы
Жаңа экономикалық қайта құруды бастау кезінде ең алдымен квазимемлекеттік секторларды басқаруды реформалау және қаражатты бөлудің ашық тетіктерін орнату маңызды.
Электрондық қалдықтарды кәдеге жарату жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туралы
Қазақстанда электр және электронды қалдықтардың тең 9% қайта өңделеді. 2019 жылғы көрсеткішке сай елде жылына 136,1 мың тонна осындай қалдықтар жиналады. Жан басына шаққанда әр адам 7,3 кг осындай қоқыстарды лақтырып тастайды деген сөз. Мұндай деректі БҰҰ ЮНИТАР оқу және ғылыми-зерттеу институты көрсетіп отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектепке дейінгі білім беру туралы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың да өзге балалар секілді болашаққа деген амбициялары мен армандары бар. Олар да өз қабілеттерін дамытып, мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру үшін сапалы білім алуы қажет.