Бұл бөлімде Қазақстан Халық партиясының Парламенттік фракциясы жолдаған депутаттық сауалдармен танысуға болады.
24.05.2023 11:40
Әлеуметтік осал отбасылар үшін жеңілдікпен тұрғын үй сатып алу жүйесін ретке келтіру және оңайлату туралы
Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының басты ұстанымы – азаматтарымыздың сапалы әрі лайықты өмір сүруіне жағдай жасау. Кез келген отбасы үшін ең маңызды мәселелердің бірі - баспаналы болу. Тұрғын үй сатып алу біздің көптеген отандастарымыздың қол жеткізе алмай келе жатқан арманы болып қалуда.
Зиянды өнімдерге ақылға қонымды салық енгізу туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында дамудың басым бағыттарының бірі ретінде тиімді салық саясатын іске асыруды және «Бюджетті басқарудан» «Нәтижені басқаруға» көшу жолымен бюджет саясатын реформалауды тапсырды.
Отандық банктердің мүгедектігі бар адамдардың құқығын шектеуі туралы
Қазақстанда 700 мыңнан астам адам тұрады, олардың 400 мыңнан астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Мүгедектігі бар адамдарда пластикалық карта бар, олар осы арқылы аударым, төлем жасайды, жәрдемақы алады. Яғни қарапайым азаматтар сияқты банк қызметіне жүгінеді.
Адамзат өз дамуында ерекше назар аударуды қажет ететін саланың бірі – экология. Жалпы, қазақстандықтар күні бүгінге дейін ішкі жану қозғалтқышы бар автокөліктерге басымдық беріп келеді. Өз кезегінде бұл басқа факторлармен қатар экологиялық жағдайды нашарлатады және атмосфераны ластайды. Осыған байланысты автокөлік үшін баламалы энергия көзі қажет.
«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС - ны ҒЖБМ Ғылым комитетіне қайтару туралы
2023 жылғы 12 сәуірде Ғылым қызметкерлері күнінде Ұлттық биотехнология орталығының (бұдан әрі – ҰБО) ғалымдары биологиялық бейіндегі жетекші ғылыми мекеменің құлдырауының алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «QazBioPharm» холдингі құрамынан «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС-ны «Іргелі және қолданбалы биологияның ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК- ға айналдыра отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ведомствосына (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ қайтару туралы өтінішпен жүгінді.
Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды мемлекеттік қолдау тетігін жақсарту туралы
Мүгедектігі бар балалар мен ересектер үнемі Үкіметтің ерекше қамқорлығы мен қорғауында болуы тиіс. Өкініштісі іс жүзінде бұлай емес. Арнайы әлеуметтік қызмет алу үшін адамдар күрделі бюрократиялық тосқауылға тап болып, сергелдеңге салынады. Жылына бір рет оңалтудан өту орындалмайтын арманға айналды. Мүгедектігі бар балаларды оңалтқысы келетін отбасылар мүмкіндікті жылдар бойы күтеді.
Науқастарды балама емес, түпнұсқа препараттармен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Халық партиясына азаматтардан мемлекет кепілдік берген дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша өтініш түсіп жатыр. Бұған
олардың өмірлік маңызы зор дәрі-дәрмекті алу мүмкіндігіне қол жеткізе алмайтындығы себеп болуда.
Көпбалалы отбасылардың заңнамада бекітілген мәртебесі туралы
Қазақстан Халық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында екі маңызды мәселені көтерді: 1. 4 және одан да көп баланы дүниеге әкелген/асырап алған көпбалалы ананың өмір бойғы мәртебесін бекіту; 2. Осы санаттағы аналар үшін зейнет жасының төмендетілуі.
ЖТС төлеу кезінде мүгедек балалардың ата-аналарының құқықтарының бұзылуы туралы
Қазақстан Халық партиясының атына мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен осы санаттағы адамдарды жеке табыс салығынан (бұдан әрі - ЖТС) босатуды және заңнамада көзделген, бұрын берілген жеңілдіктердің орындалуын қамтамасыз етуге жәрдем көрсету туралы өтініштер келіп түседі.
Студенттерге арналған жатақханалардағы орын тапшылығы туралы
Біздің депутаттық сауалымызға еліміздің мегаполистерінен бастап облыстық маңызы бар қалаларында аса өзекті болып тұрған студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі негіз болды.