Бұл бөлімде Қазақстан Халық партиясының Парламенттік фракциясы жолдаған депутаттық сауалдармен танысуға болады.
27.03.2024 12:30
«Жалпыға бірдей декларациялау кезінде азаматтардың дербес деректерін қорғау проблемалары туралы»
ҚР Салық Кодексінің міндетті жалпыға бірдей декларацияны қарастыратын жаңа өзгерістеріне байланысты дербес деректерді сақтау мәселесі қайта өзекті бола түсті.
«Қазақстандағы өңірлік және инклюзивті театрлардың проблемалары туралы»
Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары барысында біз мәдениет және өнер қызметкерлерінің шығармашылық ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткіздік.
Әкімдердің ауылдарды абаттандыру бойынша жауапкершілігі туралы
Біздің депутаттық сауалымыз жергілікті биліктің, әкімдіктердің өздеріне сеніп тапсырылған ауылдық елді мекендердің тұрғындары алдындағы жауапкершілігі туралы болмақ.
"Қазақ соқырлар қоғамы" ҚБ учаскесін әкімдіктің қол сұғушылығынан қорғау туралы"
Қазақстан Халық партиясы депутаттық фракциясы сауалдарының бірі Павлодардың жергілікті атқарушы органдарының Ертістегі су көлігінің бірегей, еліміздегі жалғыз кеме жөндеу зауытын бұзып, оның орнына «жайлы мектеп» салу жөніндегі ешқандай негізсіз әрекеттері туралы болған еді. Депутаттық сауалдан кейін прокуратура органдары биліктің заңсыз әрекеттерінің жолын кесіп, кәсіпорын өз жұмысын жалғастырды.
Отбасы банкі 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап ел ішінде кеңінен танымал аралық қарыз беру шарттарын өзгертті. Банк өзінің бұл қадамын қазақстандықтарды ұзақ және жүйелі жинақтауға ынталандыру үшін жасалды деп түсіндіреді.
Қазақстанда мемлекеттік алименттік қор құрудың қажеттілігі туралы
Қазақстан Халық партиясына ортақ балаларының әкелерінен алимент өндіріп ала алмай жүрген әйелдерден көптеген өтініштер келіп түсуде. 2022 жылы алимент бойынша берешек 13 793 780 739 теңге болса, 2023 жылы бұл берешек 20 796 615 823 теңгеге жеткен. 2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша алимент өндіруге бағытталған сегіз мыңнан астам сот шешімі мүлде орындалмайды.
Республиканың өрт сөндіру және құтқару қызметтеріндегі кадр тапшылығы, қаржыландырудың жеткіліксіздігі мен қызметке деген қызығушылықтың жоқтығы туралы
Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы қазақстандық өрт сөндірушілер мен басқа да құтқару қызметтері қызметкерлерінің проблемаларын бірнеше рет көтерген болатын. Өкінішке қарай, ТЖМ басшылығы ауысқанымен, бұл саладағы жағдай еш өзгеріссіз қалып отыр.
«Өршіп келе жатқан телефон және интернет алаяқтығына қарсы күрес проблемалары туралы»
Қазақстанда зардап шеккендердің саны мен мүліктік зиян көлемі тұрғысынан телефон және интернет-алаяқтық бүгінгі таңда жетекші қылмыстардың біріне айналды.